Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2024 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білімбасқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Бұлақты ауылының негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бұлақты ауылы Юри Гагарин 7 көшесі.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Бұлақты ауылының НОМ» КММ 7 қызметті көрсетіледі;
2024 жылы «Бұлақты ауылының НОМ» КММ 11 қызмет көрсетілді;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 11;
қағаз түрінде көрсетілгенқызметтер саны –0.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2023 жылы 10 қызмет көрсетілді;
қағаз түрінде көрсетілгенқызметтер саны -0.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".
"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған Отчет по государственным услугам за 2024 год. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат. 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ. 2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері. Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.