25.06.2021
01.06-12.06 аралағында КММ "Бұлақты ауылының негізгі орта мектебінде" жазғы мектеп алаңы ұйымдастырылған болатын. Мақсаты: әр баланы салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға тарту, оларды мәдени және спорттық жұмыстарға тарту арқылы интеллектуалды, физикалық, моральдық дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау;
азаматтық және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, шығармашылық ойлауды дамыту.
Сондай-ақ, мектеп алаңымен бірге оқушылардың білім кемшіліктерін қалпына келтіру үшін Жазғы мектеп ұйымдастырылды.
Жазғы мектеп сабақтары кезінде оқушылар әр түрлі тапсырмаларға, ақыл-ой ойындарына белсенді қатысып, бәрін дұрыс және тез орындады.Оқу процесі өте мазмұнды және қызықты өтті. Сонымен қатар барлық мақсаттарға қол жеткізілді.